Біздің мемлекеттік рәміздеріміз Қазақстан Республикасының әрбір азаматының мақтанышы болып табылады

4 маусым күні біз дәстүрлі түрде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтеміз. Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері 28 жыл бұрын 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.
1996 жылдың 24 қаңтарында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Қазақстанның гимны кейіннен, 2006 жылы ауыстырылды. Оның негізіне атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың ақын Жұмекен Нәжімеденовтың өлеңіне жазылған танымал әні алынды, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев маңызды өзгерістер енгізген.
Бұл үш символ тәуелсіз мемлекеттің ажырамас атрибуты болып табылады. Біздің мемлекеттік нышандарымыз, егемен Қазақстанның рәміздері еліміздің әрбір азаматының мақтанышы болып табылады.