«Жайна» оңалту орталығы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Біржан Нұрымбетов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды жеке қабылдау жүргізіп, ақтөбліктердің бірқатар әлеуметтік сұрақтарына жауап берді.Ақтөбеліктер Министрге атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері туралы сұрақтар қойды. ҚР Еңбек Министрі мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасы бойынша әзірленген АӘК-тің жаңа механизмдері туралы айтты.Қазақстан Республикасының Еңбек Министрі 18 жасқа дейінгі жүйке аурулары бар балаларға арналған «Жайна» оңалту орталығымен және Бастау» тұлғаны дамыту орталығының жұмысымен танысты.