«Ашық әлем» Аймақтық әлеуметтік Форумы өтті.

2019 жылдың 30-қазан күні «Жастар» мәдени орталығы ғимаратында (АХАЖ) Мүгедектер күніне орай, Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Ашық әлем» Аймақтық әлеуметтік Форумы өтті.
Форумға Ақтөбе облысының әкімі Оразалин О.С., мемлекеттік органдар басшылары, облыстық және қалалық мүгедектер бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Жоғары нәтижелерге қол жеткізген мүмкіндігі шектеулі 10 азамат Ақтөбе облысының әкімі О.С.Оразалиннің атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, Форум барысында мүгедектер құқықтарын қорғау қозғалысына қосқан қомақты үлесі үшін 5 үкіметтік емес ұйымдар басшылары Ақтөбе облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е.Данағұловтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Аталмыш Форумда мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды. Мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық-пайдалы қызметке тартылуындағы оңалту және бейімделуі, әлеуметтенуі бойынша әлеуметтік бағыттағы ҮЕҰ, білім беру бөлімінің, денсаулық сақтау, тұрғындық әлеуметтік-мәдени тұрмыстың, Ақтөбе облысында әлеуметтік аймақтағы қызметтің қорытындысы жасалды. Әлеуметтік арнайы қызметтің сапасын көтеру, мақсатты топтың потенциалын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мәдени, спорттық және өзге де қызметке қатысуын қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру туралы сөз қозғалды.
Мүгедектер күніне арналған Аймақтық Форум ұйымдастыру және өткізу мүгедектер мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты белгілі бір деңгейде мүгедектердің мүддесі мен құқығын қатысты шешім қабылдайтын барлық қызығушылық білдірген жақтардың өзіндік алаңқайы болып табылады.