Аудан басшысы А.Жүсібалиев аудандағы бірқатар «Ди-Лэнд»ЖШС , «Тас-Қарғалы»ЖШС , ш/қ «Кудря И.В.» секілді кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев 2013 жылы 22 қарашадағы Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі деп жариялаған болатын. Бадамша ауылында аудан әкімі А.Жүсібалиевтың қатысумен «Еңбек күні» мерекесі атап өтілді. Аталған іс-шараға барлық кәсіпорын, мекемелер қатысуымен өтті. Аудан басшысы А.Жүсібалиев аудандағы бірқатар «Ди-Лэнд»ЖШС , «Тас-Қарғалы»ЖШС , ш/қ «Кудря И.В.» секілді кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, өз кәсібін ашуға ниет білдірген жастар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жаңдарға 505 мың теңге көлеміндегі грант сертификаттарын табыс етті.