Медициналық және әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Delvita-Kazakhstan компаниясымен бірлесіп, ауыр науқастарға қамқорлық жасайтын медициналық және әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Семинарға медициналық және әлеуметтік мекемелердің медбикелері мен әлеуметтік қызметкерлері қатысты. Семинар барысында төсек тартып жатқан науқастарға күтім көрсету жайында оқытты.
Барлық семинар қатысушыларына оқу сертификаттары табысталды.