«Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» конкурсы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдар тарапымен бірлесе отырып, ҚР Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне арналған «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» конкурсынын болып жатырғанын хабарлайды.
Конкурс «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері», «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері», «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Медициналық-әлеуметтік мекеменің үздік қызметкері», «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым», «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері», «Әлеуметтік саланың үздік ұйымдастырушы-менеджері», «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері» және «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» атты тоғыз номинация бойынша екі кезеңде өтіп жатыр.
Бірінші кезең (өңірлік деңгейде) ағымдағы жылдың 15 тамыз мен 15 қыркүйек аралығында өтсе, екіншісі ақтық кезең 16 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтілуде.
19 қырқұйек күні өңірлік деңгейінде «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» конкурсының жеңімпаздарын айқындау бойынша комиссия отырысы өтті. «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» өңірлік деңгейінде конкурсқа қатысуға өтінім берген қатысушылардың материалдарын қарап, оларды іріктеп және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қатысушылардың материалдарын жолдайды.