Аппараттық жиналыс

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Е.Данағұловтың төрағалығымен аппараттық жиналысы өтті. Жиналысқа Басқарманың құрылымдық бөлім басшылары мен №1 және №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының директорлары қатысып, келесі мәселелер қарастырылды: бюджеттік қаражаттың игерілуі, АӘК көрсетілу мәселелері, Халықаралық қарттар күні, Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні және Мүгедектер күні мерекелерін ұйымдастыру және өткізу мәселесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталлуы.
Жиналыс нәтижесінде Басқарма басшысы Е.Данағұлов құрылымдық бөлім басшылары мен №1 және №2 ӘҚКО директорларына күн тәртібінде қарастырылған әр сұраққа байланысты нақты тапсырмалар берді, атап айтсақ, мүдделі лауазымды тұлғаларды тарта отырып, халық арасында әлеуметтік шиеленістің туындауын тудыратын АӘК көрсету мәселелері бойынша жағдайларды жедел қарау және ден қою, БАҚ-та кеңінен жария ете отырып, Басқарманың жауапты тұлғаларының мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы ұсыну, қамқорлықтағы адамдардың өмір сүруіне жақсы жағдай жасау, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн өткізу мәселелері бойынша, сондай-ақ бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану бойынша интернат-үйлерге бару және мониторинг жүргізу.