Ақтөбе және Қызылорда облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Меморандум

Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалиннің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 28 тамызында Ақтөбе және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің арасындағы өңір аралық өзара іс-қимыл шеңберінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А. Бердалиннің, Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е. Данағұловтың және Шалқар ауданының әкімі Б. Қаниевтің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Ақтөбе және Қызылорда облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Меморандумға қол қойылды.