Оралмандарды уақытша орналастыру орталығының Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылы 22 шілдедегі № 328-ө-м бұйрығына сәйкес, этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталығы Ақтөбе қаласы, Абылқайыр-хан даңғылында орналасқан.
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес этникалық қазақтарды уақытша қабылдап, орталықта болу тәртіптері сақталынады.
Орталық қызметінің негізгі міндеті этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына өтініш қабылданып, өтініш берілгені күні қаралып, уақытша орналастыру орталығында этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелерін алғашқы қоныстандыруды тіркеу журналына тіркелініп, жолдаманы алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде орталыққа орналастырылады.
Орталықта уақытша тұру негізінде этникалық қазақтар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері оралман мәртебесін алғанға дейін, күнтізбелік 10 күнге дейінгі мерзімге тегін орналастырылады. Орталыққа этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады. Орталықта отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін тұруына қажетті жағдайлар жасалған.
«Халықтың көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес оралмандардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңес беріп отырады.