Басқарма басшысы Ербол Данағұловтың Ырғыз және Шалқар аудандарына іссапары

Ағымдағы жылдың 26 тамызында Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ербол Данағұлов Ырғыз және Шалқар аудандарын аралап, аудандық жұмыспен қамту орталығының жұмысымен және көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағыты бойынша жасалып жатқан жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, аудандық мекеме қызметкерлеріне Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша методикалық көмек көрсетті.