Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша «Инватакси» қызметі ашылды.

Бүгін 24 тамыз қала әкімі Мавр Абдулиннің және Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ербол Данағұловтың қатысуымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша «Инватакси» қызметі ашылды. Енді облыс бойынша 20 автокөлік «Инватакси» қызметін көрсетеді.Яғни, Ақтөбе қаласында, Қарғалы, Мұғалжар, Мәртөк, Хромтау, Темір және шалқар аудандарында тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеттері нашар мүмкіндігі шектеулі жандарға «Инватакси» қызметі көрсетіледі.
Сонымен қатар, алдағы уақытта «Инватакси» қызметін ашу мәселесі басқа аудандарда қарастырылу қолға алынады.