ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлының Ақтөбе облысына іссапары

Бүгін 23 тамыз «Анаға тағзым» рухани адамгершілік тәрбиелеу орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлымен мен «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» басшысы Данағұлов Ербол Жеткергенұлы және мемлекеттік мекемелер басшылардың қатысуымен азаматтарды қабылдау шарасы өтті. Аталған іс-шара барысында тұрғындардың туындаған мәселелері тыңдалып оны жедел шешуге, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Біржан Нұрымбетов мекеме басшыларына тапсырма берді.