«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел

«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-сі, Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірге «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді. Семинарға Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты.
Күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының әрбір тармағын талдап, тапсыратын қажетті құжаттардың тізбесі туралы Шетелдік жұмыс күшін тарту және халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің басшысы Р.Аленова баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін оңтайландыру және ішінара автоматтандыру жөніндегі пилоттық режимде іске қосылған Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінен электронды түрде түскен құжаттардағы қателіктерді жою жолдары талқыланды. Аталған түсіндіру жұмыстары мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы алуы үшін ұйымдастырылуда.