Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (облсобес) басшысы Е. Данағұлов мүмкіндігі шектеулі зағип жандармен кездесуге барды.

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (облсобес) басшысы Е. Данағұлов мүмкіндігі шектеулі зағип жандармен кездесуге қатысты. Кездесу барысында Ербол Данағұлов облыстағы 860,0 мың жуық тұрғынның 26539 адамның мүмкіндігі шектеулі азаматтар екендігін, мұндағы 1200 азамат көз жанарына қатысты мүгедектік белгіленгенін атап өтті. Сонымен қатар, әр мүгедекке белгіленген жеке оңалту шараларына байланысты, облыста мемлекет тарапынан қолдау шаралары жүргізіліп жатқандығы туралы ақпаратпен бөлісті. Азаматтар сұрақтарына жауап беру барысында, облыс мүгедектерін санаторлық - курорттық емге жолдама беру жұмысы ағымдағы жылдың 13 тамызынан басталатынын атап өтті. Биылғы жылы облыс мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік сатып алу рәсіміне сәйкес, Алға, Шымкент және Орал қалаларындағы санаторияларға баратынын жеткізді. Кездесу барысында жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен және мүгедектерге техникалык құралдармен қамтамасыз ету сұрақтарына жауап беріліп, қолданыстағы заңнамалық талаптары түсіндірілді.