Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы (облсобес) Данағұлов Ербол Жеткергенұлы "Психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған стационарлық жағдайда қызмет көрсету орталығына" барып танысты.

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы (облсобес) Данағұлов Ербол Жеткергенұлы 2017 жылдың сәуір айынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмыс жасап жатқан "Психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған стационарлық жағдайда қызмет көрсету орталығына" барды. Орталық басшысы Н. Жарболова мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетіліп жатқан медициналық, әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндады. Қазіргі таңда Орталықта 92 бала тұрады. Әр бала медициналық диагнозына байланысты тиісті медициналық көмектер мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Орталықта 20 мүгедек балалардың аналарына жұмыс орындары ашылған. Жаңадан тағайындалған басшы Е. Данағұлов балалардың отбасы жағдайлары, ата-аналары, туыстарымен қандай байланыс орнатылғаны жөнінде сұрап, балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.