Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы (облсобес) Данағұлов Ербол Жеткергенұлы «№2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» жұмыстарымен танысуы.

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы (облсобес) Данағұлов Ербол Жеткергенұлы «№2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» жұмысымен танысты. Психоневрологиялық ауытқуы бар 18 жастан асқан азаматтарға арналған Орталықта 412 адамға әлеуметтік, медициналық, психологиялық және тұрмыстық қызмет көрсетілуде. Орталық басшысы К. Панға өмірдің қиын жағдайына душар болған ауру азаматтарға сапалы, нақты қолдау шараларын жауапкершілікпен атқаруды жалғастыруды және Орталық жұмысына қатысты мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар беруді тапсырды.