Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (облсобес) басшысы қызметіне Данағұлов Ербол Жеткергенұлынның «№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» жұмысымен танысуы

Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (облсобес) басшысы қызметіне Данағұлов Ербол Жеткергенұлын тағайындау барысында, өңірге адал қызмет етумен қатар, әлеуметтік қолдауға мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарына, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қамкөңіл қарттарға аса назар аудару туралы атап өтті. Осы мақсатта жаңадан тағайындалған басшы Е. Данағұлов "№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" жұмысымен танысты. Қарттар мен 1 және 2-ші топ мүгедектеріне арналған Орталықта 226 қарт азаматтар ман мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Орталық тұрғындарымен сұхбаттасып, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жауапты қызметкерлерге қарт азаматтарға, мүгедектерге мемлекет тарапынан қолдау шараларын жоғары жауапкершілікпен атқаруды және ғимараттың төңірегін абаттандыру мәселесіне қатысты нақты тапсырмалар берді.