Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е. Ж. Данағұловтың төрағалығымен басқарма алқасы өткізілді

Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е. Ж. Данағұловтың төрағалығымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтарының директорларының қатысуымен 7 айдың жұмыс қорытындысы бойынша басқарма алқасы өткізілді.Басқарма алқасының жұмысы барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларына, аудандық жұмыспен қамту орталықтарының директорларына халықты жұмыспен қамту индикаторларын төмендетуге жол бермеу, мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта құру, үкіметтік емес ұйымдары арқылы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету, халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша әлеуметтік саясатты іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Жұмыспен қамту және шағын кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында барлық жоспарлы көрсеткіштерді орындау бойынша тапсырмалар берілді.