НҚА жобалары

Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы №281«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінің жобасына
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы №281 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды еріп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы» шешіміне, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»Заңына және «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы №281 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің 2-тармағында:
1) тармақшадағы «СТН көрсетілген» сөздері -алынып тасталсын;
3), 4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедек баланың жеке куәлігінің көшірмесі немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) жолдама:
стационарға емдеуге жатқызуға;
республикалық деңгейде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға;
6) жол жүру дерегін растайтын билеттер, егер олар болмаған жағдайда – темір жол көлігінде емделу орнына дейінгі және кері қайтуға жол жүру құны туралы анықтама;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) 1-тармақта көрсетілген адамды алып жүру қажеттігін растайтын медициналық анықтама.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, соларға теңестірілген адамдар, I, II, III топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектер және оларды ертіп жүрген адамдар емдеу орнынан келген күнінен бастап екі айлық мерзімнен кешіктірмей 2-тармақта көрсетілген жол жүру дерегін растайтын құжаттарды ұсынады.».
Нормативтік құқықтық актінің жобасы сайтта орналастырылған, http://social.aktobe.gov.kz
Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылғы 31 мамырдағы №02-1/25 ұсынылған.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы 2019 жылғы 27 мамырдағы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған. Жария талқылау мерзімі 2019 жылдың 10 маусымда аяқталды.
Қараушылар саны - 18, пікірлер 0.
Сайтта жарияланған: http://social.aktobe.gov.kz