Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар

2018 жылдың 1 қазанына арналған жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің талдауы
2018 жылдың қыркүйек айына жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен барлық өтініштер саны 205. Өтініштердің сапалық құрамы – 170 құрады, өтініштердің жалпы санынан, шағымдар – 21, басқа өтініштер саны – 14.
Қайталанған өтініштер саны – 4, 6 түпнұсқа көшірмесі тіркелген.
Барлық келіп түскен өтініштер келесідей түрле қаралды:
түсіндірілді – 186;
ведомстволық бағыныстылық бойынша басқа органдарга қарау үшін жолданды – 6;
толық не ішінара қанағаттандырылды – 4;
қанағаттандырудан бас тартылды және тоқтатылды – 0.
Өтініштерін қарау мерзімі ұзартылмаған. Сонымен қатар, заңмен бекітілген негізде мерзімдерді бұза отырып қаралған өтініштер жоқ.
Ең көп өтініштер саны Ақтөбе қаласының, Темір, Шалқар, Мұғалжар аудандарының тұрғындарынан келіп түсті.
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен сұрақтар бойынша талдау сипатының көрсеткіші, жалпы массивтегі өтініштерін айтарлықтай үлесін әлеуметтік сұрақтар бойынша хаттар мен шағымдар орын алып отыр. Бұл атап айтқанда, еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету, мүгедектерді оңалту сұрақтары, материалдық көмек көрсету мәселелері. Ең көп таралған сұрақтар қатарына, халықты жұмыспен қамту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу проблемалары жатады.
Әлеуметтік сұрақтар бойынша жүгінген адамдардың негізгі контингненті жұмыссыздар, зейнеткерлер, көп балалы және аз қамтылған отбасы болып келеді.
Облыс әкімінің блогына және басқарма басшысының блогына түсетін хаттар жалпы тәртіпте тіркеледі, АИС ЕУОЛ базасына енгізілмейді, 2007 жылғы 12 қантардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 2 тармағындағы қойылған талаптарға сәйкес сай емес – (Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сонымен қатар әкесінің аты, пошталық мекен-жайы, заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтініш өтініш берген адамның қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілуі тиіс). Хаттар 5 күн ішінде қаралады. Жауаптары да электронды форматта беріледі. Барлығы 18 өтініш түсті. Барлық өтініштерге жауап берілді.
Қазақстан Республикасы заңнамасының қабылдау саласында сақталуын қамтамасыз ету, тіркеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мен есепке алу, автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне есептік мәліметтерді толық енгізу «Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» (АИС ЕУОЛ) тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Комитетінің Басқармасымен деректерді салыстырып тексеру жүргізеді.