2018 жылғы 2- тоқсанға кедейлік шегінің мөлшері туралы

«2018 жылғы 2- тоқсанға кедейлік шегінің мөлшері туралы »
«Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде айқындалды.
Осыған орай, Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылдың 1- тоқсанындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23909 теңге, 2018 жылдың 2- тоқсанына кедейлік шегінің мөлшері 11955 теңгені құрады.