2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар туралы ақпарат

2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар туралы ақпарат
Изтилеуова Кундыз Джалгасбаевна- 21.12.1979 жылы туылған. Мәртөк селосы, Панфилов көшесі 39 үй тұрғыны. Отбасында 6 адам бар, күйеуі, 4 баласы. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінгенге дейін отбасының жан басына шаққанда орташа табысы- 8160 тенге құрады. Ағымдағы жылдың қантар айында атаулы әлеуметтік комекке құжаттарын тапсырып, кедейлік шегіне жетпеуіне байланысты алты айға 110052 теңге тағайындалып, ай сайын - 18 342 теңгеден төленуде. Арыз беруші мен жолдасы жұмыссыз ретінде есепке тұрғызылып, Изтлеуова Кундыз Жалгасбаевна - «Тополек» бала бақшасына еден жуушы, жолдасы Туркменбаев А.Р - ТОО «Актобе Электромонтаж» құрылысына жұмысшы ретінде жолдама беріліп, тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Қазіргі таңда отбасының жан басына шаққанда орташа табысы табысы -16969 теңге құрады. Сонымен қатар, отбасы әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыстырылып, жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы ретінде бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айсайын 2405 теңге әлеуметтік көмек беру қарастырылды.
Мәртөк ауданы бойынша 2018 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар туралы ақпарат
Кожахмет Асель Байтаковна – 25.05.1986 жылы туылған. Мәртөк селосы, Тажигулова кошесі, 13 үй тұрғыны. Жалғыз басты ана. Мектеп жасындағы екі баласы бар. Білімі - орта арнаулы, мамандығы - заңгер. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінгенге дейін отбасының жан басына шаққанда орташа табысы- 4506 теңге құрады. 2018 жылы қаңтар айында атаулы әлеуметтік комекке құжаттарын тапсырып, кедейлік шегіне жетпеуіне байланысты отбасына алты айға 120840 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек тағайындалды (айына 20140 теңге).Мәртөк аудандық жұмыспен қамту орталығына есепке тұрып, МКҚК «Мартук-Сервис» -ке іс-қағаз жүргізушісі ретінде жолдама беріліп, тұрақты жұмысқа қабылданды, айлығы 30000 теңге құрады. Қазіргі таңда отбасының жан басына шаққанда орташа табысы- 17515 теңге құрады. Сонымен қатар, отбасы әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыстырылып, жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы ретінде бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айсайын 2405 теңге әлеуметтік көмек беру қарастырылды.