Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылдың 1 ақпанына тағайындалған әлеуметтік көмектер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2018 жылдың 1 ақпанына облыс бойынша барлығы 1307 отбасына 25,1 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде:
- шартсыз ақшалай көмек - 281 отбасына 5,6 млн.теңге;
- шартты ақшалай көмек - 1026 отбасына 19,5 млн.теңге көлемінде тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес 2018 жылдың 1 ақпанында Ақтөбе облысында 1385 отбасына 6,3 млн. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалды.