әдістемелік нұсқаулық

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер»
конкурсын өткізу бойынша
әдістемелік нұсқаулық
Астана, 2017 ж.
«Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағын беру үшін конкурс өткізу туралы әдістемелік нұсқаулық.
Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» конкурсын өткізу үшін әзірленді.
2. Конкурс өткізудің мақсаты:
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкерлерді анықтау;
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мамандықтардың беделін арттыру
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік жұмыс тәжірибесін тарату
3. Тапсырмалар:
3.1. Әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және еңбек жүйесінде үздік мамандарды анықтау.
3.2. Жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерінің қызметін ынталандыру.
3.3. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі озық тәжірибелер туралы жұртшылықты ақпараттандыру
4. Байқау 7 номинация бойынша 2 кезеңде өтеді:
- «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері» номинациясы;
- «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері» номинациясы;
- «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы;
- «Үздік медициналық әлеуметтік мекеме» номинациясы;
- «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» номинациясы;
- «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері» номинациясы;
- «Әлеуметтік саладағы үздік менеджер-ұйымдастырушы» номинациясы;
5. Бірінші кезең (іріктеу) ағымдағы жылдың 1 мамырынан 31 тамызына дейін жүргізіледі.
Екінші кезең (финалдық) ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 20 қазанға дейін созылады.
Сонымен қатар, қоғамда оң көзқарас қалыптастыру және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі озық тәжірибелер туралы халықты ақпараттандыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі мен 10 қазан аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ) сайтында бейне материалды орналастыруға келіскен үміткерлер арасында онлайн дауыс беру өткізіледі.Бұл ретте көрермендер дауыс беруінің нәтижелері осы Әдістемелік нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша жеңімпазды анықтаудың түпкілікті нәтижелеріне әсер етпейді.
6. Іріктеу және финалдық кезеңдерін өткізу күндерін тур ұйымдастырушылар өздері анықтайды.
7. Іріктеу кезеңінің ұйымдастырушылары – конкурсты аймақтарда өткізіп, финалға қатысушыларды іріктейтін жергілікті атқарушы органдар.
8. Финалдық кезең ұйымдастырушысы - жүлдегерлерді марапаттау рәсімімен конкурсты республикалық деңгейде өткізетін Қазақстан Республикасының ЕХӘҚМ.
9. Конкурсты өткізу туралы ереже комиссия отырысының хаттамасымен бекітіледі.
10.Конкурсқа үміткерлерді іріктеу халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әрекеттегі қызметкерлер арасында қызмет салалары бойынша жүргізіледі:
- «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері» номинациясы бойынша «Әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің, «Азаматтарға арналған Үкімет» МК және ҚР ЕХӘҚМ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің қызметкерлері қатысады.
«Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері» номинациясы бойынша «Әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есептеу орталығы» департамент дирекциясының, «Азаматтарға арналған Үкімет» МК және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ қызметкерлері қатысады;
- «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша әлеуметтік қызметкерлер, стационарлық және жартылай стационарлық түрдегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің мамандары, соның ішінде күндізгі үйде қызмет көрсету және уақытша тұрақтау бөлімшелерінің мамандары қатысады;
- «Үздік медициналық әлеуметтік мекеме» номинациясы бойынша стационарлық және жартылай стационарлық түрдегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, уақытша тұрақтау ұйымдары қатысады;
- «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» номинациясы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету нарығында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар үкіметтік емес ұйымдар қатысады;
- «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері» номинациясы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмыспен қамту секторы қызметкерлері қатысады;
- «Әлеуметтік саладағы үздік менеджер-ұйымдастырушы» номинациясы бойынша әлеуметтік-еңбек саласындағы ұйымдардың басшылары қатысады.
11. Номинациялар бойынша атақ беру өз қызметінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген жоғарыда аталған қызметкерлерді ынталандыруды көздейді.
12. Республикалық конкурсқа қатысуға соңғы 5 жылда осындай конкурстарда жүлделі орындарға ие болған тұлғаларға жол берілмейді.
2. Конкурстық комиссия
13. Конкурстың аймақтық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жеңімпаздарын іріктеудің жалпы критерийлері конкурс қатысушыларын бағалау және саралау әдіснамасында көрсетілген номинациялар бойынша атақ тағайындауға критерийлері болып табылады (2-қосымша).
14. Қатысушылар үшін міндетті критерийлер:
- әлеуметтік қорғау жүйесінде кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
- еңбек қызметіндегі жетістіктер мен табыстар;
- ағымдағы жылға тәртiптiк және өзге де жазалардың болмауы;
- еңбек ұжымында құрмет пен абыройының болуы
15. Региональная комиссия должна состоять из членов в количестве не менее 9
человек из представителей акиматов области, районов (городов), управлений координации
занятости и социальных программ областей, городов Астана и Алматы, Центров (отделов)
занятости, региональных департаментов Дирекции «Межведомственный расчетный центр
социальных выплат» НАО ГК «Правительство для граждан», территориальных
департаментов Комитета труда, социальной защиты и миграции МТСЗН РК и подразделений
АО «Государственный фонд социального страхования», неправительственных организаций,
оказывающих специальные социальные услуги, представителей гражданского общества.
Аймақтық комиссия мүшелерінің саны кем дегенде 9 адамнан тұрады, облыстық, аудандық (қалалық) әкімдіктердің, облыстық, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, жұмыспен қамту орталықтарының (бөлімдері), «Әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есептеу орталығы» аймақтық департамент дирекциясының, ҚР ЕХӘҚМ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон аймақтық департаментінің және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бөлімшелерінің, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады.
Аймақтық комиссия құрамынан Төраға мен хатшы сайланады.
16. Аймақтық комиссия құжаттарды қарау және конкурс өткізу үшін сыртқы сарапшыларды тартуға құқылы.
Өңірлік комиссияның отырыстарының күнін тур ұйымдастырушылар өзі анықтайды.
17. Аймақтық комиссияның төрағасы өз қызметін басқарады, жалпы бақылауды жүзеге асырады және қабылдайтын шешімдерге жауап береді.
18. Хатшы Өңірлік комиссияның қызметіне техникалық қолдау көрсетеді, сондай-ақ:
1) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау;
2) конкурсты өткізуді ұйымдастыру;
3) Аймақтық (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) конкурстың қорытындылары туралы материалдарды (бекітілген комиссия құрамы, отырыстың хаттамасы, Аймақтық комиссия төрағасы қол қойған қатысушыларды бағалау әдістемесі, конкурс қатысушыларының материалдары) Республикалық комиссия хатшысына ұсынады.
19. Аймақтық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырыс хаттамасымен ресімделеді.
20. Республикалық комиссия ҚР ЕХӘҚМ жанынан құрылады (бұдан әрі - Республикалық комиссия).
21. Республикалық комиссия осы Әдістемелік нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес ұсынылған материалдар негізінде номинациялар бойынша конкурсты өткізеді.
22. Республикалық комиссия құжаттарды қарау және конкурс өткізу үшін сыртқы сарапшыларды тартуға құқылы.
23. Республикалық комиссия номинациялар бойынша атақтар беру үшін конкурс жеңімпаздарын анықтайды.
3. Аймақтық және республикалық конкурсқа
жіберілетін құжаттар
24. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) осы Әдістемелік нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтініш;
2) фотосуретпен бірге түйіндеме, соның ішінде ұйым үшін;
3) кәсіптік қызмет туралы деректермен (15 баспа парақтан аспайтын) ұйым басшысының куәландырған кәсіби қызметі туралы портфолиосы немесе есебі;
4) DVD тасығышта конкурсқа қатысушы туралы бейнеролик (5 минуттан аспайтын);
5) Конкурсқа қатысушының қалауы бойынша қосымша мәліметтер (10 шрифтпен 3 баспа парағынан аспауы керек).
Конкурсқа арналған құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
25. Іріктеу кезеңіне қатысуға өтінімдер іріктеу кезеңі басталған сәттен бастап бекітілген үлгі бойынша беріледі. Өтінімдерді қабылдау іріктеу кезеңінің соңғы күнінен 30 күнтізбелік күн бұрын аяқталады.
26. Құжаттар қағаз және электронды тасығыштарда жіберіледі. Құжаттар қарауға қабылданады, олардың толық жиынтығы болған жағдайда, сондай-ақ оларды беру мерзімдері сақталған жағдайда.
27. Іріктеу кезеңіне қатысуға хабарлама-шақыруды алған тұлға байқау қатысушысы болып табылады. Іріктеу турының қорытындысы бойынша әрбір номинация бойынша 1 (бір) жеңімпаз анықталады.
Іріктеу кезеңі номинацияларының жеңімпаздары финалдық кезең қатысушылары болып табылады. Аймақтық комиссия номинациялар бойынша жеңімпаздардың құжаттарын іріктеу туры аяқталған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Республикалық комиссияға қағаз және электронды тасығыштарда жібереді.
4. Конкурс қатысушыларын марапаттау
28. Марапаттау рәсімі конкурстың қорытынды кезеңі болып табылады.
29. Конкурс жеңімпаздары дипломға ие болады. Басқа жүлделерді қаржы мүмкіндіктерін ескере отырып, ұйымдастырушылар өз бетімен анықтайды.
30. Конкурсқа қатысушылар демеушілерден арнайы сыйлықтармен марапатталуы мүмкін.
31. Аймақта (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана) әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкерлерді марапаттау аймақтағы әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күнін мерекелеу күнінде салтанатты жағдайда өткізіледі.
32. Республикадағы әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлерін марапаттау салтанаты ағымдағы жылдың үшінші онкүндігінде Астана қаласында номинациялар бойынша байқаудың жеңімпаздары анықталған кезде өткізіледі.
5. Ақпараттық қолдау
33. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары конкурс өткізу барысында аймақтық БАҚ, теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар, буклеттер мен брошюралар тарату, баннерлік қондырғылар және т.б. арқылы ақпараттық қолдау көрсетеді.
34. Ақпаратты қолдаудың негізгі бағыттары:
- конкурс өткізудің шарттары туралы ақпарат;
- конкурс номинанттарына қатысты ақпарат;
- конкурс өткізуге елеулі үлес қосқан демеушілер туралы ақпарат.
«Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі
үздік қызметкер» конкурсын
өткізуге арналған
әдістемелік нұсқаулыққа
1 қосымша
Конкурсқа қатысуға өтініш
1
Қатысушының Т.А.Ә/
Ұйым басшысының
2
ЖСН/БИН
3
Қатысушының лауазымы
4
Жұмыс орны
5
Туған күні
6
6 Байланыстық ақпарат
(телефон, эл. пошта,
тұратын мекен-жайы)
7
Қатысуға ниет білдірген номинацияның атауы
8
Өтініш берген күні
9
Онлайн дауыс беруге қатысу үшін Министрліктің сайтында бейнематериалды орналастыруға келісім беру
Қатысушының Т.А.Ә/
Ұйым басшысының қолы