2018 жылдан бастап енгізілген жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек, «Электронды Еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық жүйесі туралы және «Е-Халық»

2018 жылдан бастап енгізілген жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек, «Электронды Еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық жүйесі туралы және «Е-Халық» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша жиналыс өткізілді.
Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Халықты жұмыспен қамту орталығы білім бөлімімен бірлесіп, қалалық мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың, мектептен тыс ұйымдардың басшыларына 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек, «Электронды Еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық жүйесі және «Е-Халық» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кездесуге 118 ұжымның басшылары қатысты.
Кездесу барысында мектеп ұйымдарына жаңа форматтағы атаулы көмектің көрсетілуі туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетуін, ұжымдарда бос жұмыс орны пайда болған жағдайда электронды еңбек биржасы ақпараттық жүйесінің мүмкіндігін пайдаланып, жеке кабинет арқылы бос жұмыс орындарын орналастыру және бос жұмыс орны пайда болған жағдайда «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының 28 бабына сәйкес 3 жұмыс күн ішінде бос жұмыс орындары туралы мәліметті жұмыспен қамту орталығына ұсынуды және жұмыспен қамту орталығымен үнемі тығыз байланыста болуы тапсырылды.