Алға қаласында кездесу өтті

2018 жылдың 11 қаңтар күні Алға қаласының № 3 орта мектеп базасында Алға ауданының әкімі Н.С.Алдияровтың төрағалығымен және Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасының басшысының орынбасары Бисенгалиева Бибигул Куандыковна, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің бөлім басшысы Аймухамбетова Жаңыл Каржауовна және Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Касенова Анара Бауыржанқызы қатысуымен «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» және зейнетақы тағайындау жүйесіндегі өзгерістерге байланысты Алға қаласының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге округ әкімдері, жұмыссыз аудан тұрғындары, халықтың әлжуаз топтарына жататын азаматтар қатысты, барлығы 120 адам.
Кездесу барысында Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрақты мекен-жай жоқтығы әсер ететіндігі туралы, тұрғын-үй көмегін тағайындау кезіндегі туындайтын қиындықтар туралы және т.б. сұрақтар көтеріліп оларға нақты толық жауаптар қайтарылып, шешу жолдарына кеңестер берілді.