Оқыту сабағы

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жұмыс жоспарына сәйкес «Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ қызметкерлері арасында 2018 жылдың 10 қаңтарында басқарма басшысының орынбасары Б.Бисенгалиеваның төрағалығымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту сабағы өткізілді.
Сабақ барысында Президент Жолдауының негізгі міндеттері түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жұмыста басшылыққа алуына келісілді.