Брифинг

2018 жылдың 10 қаңтарында «Ақтөбе ақпарат орталығында» «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы Утаров Қайрат Урынбасарұлының және «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті» РРМ басшысының орынбасары Мажитов Нұрлан манарбекұлының баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу және зейнеткерлік заңнамаға өзгерістер еңгізу туралы айтылды.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мүмкіндіктері шектеулі адамадардың немесе егде жастағы зейнеткерлердің отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі балалары бар жалғыз басты ана) көрсетілетін болады. Мұндай отбасыларға жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысу міндетті емес.
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы.
Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара міндеттер алады: әлеуметтік қызметтер – жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдерді төлеуге, ал отбасының еңбекке қабілетті мүшелері – отбасын аз қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуға міндеттенеді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларға қазіргі уақытта беріліп отырған келесі үш әлеуметтік төлемді біріктіретін Бірыңғай жәрдемақы болып табылады:
а) атаулы әлеуметтік көмек;
б) 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын балалар жәрдемақысы;
в) кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға табысына қарамастан берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты зейнетақы 8% немесе инфляцияның жоспарланған шегінен 2% арттырылады.
Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін азаматтардың жинақталған еңбек өтіліне және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі қатысу кезеңдерін байланысты болуын көздейді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақыны қоса есептегенде 49 019 теңгені, ал зейнетақының орташа мөлшері 71 333 теңгені құрайтын болады.
2018 жылдың бірінші жартысында 58 жасқа толатын әйелдерге зейнетақы 2018 жылдың 1 шілдесінен кейін, яғни 58 жас 6 ай толғанда тағайындалатын болады. Мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау барысында жоғарыда айтылғандай, еңбек өтілінің жиынтығы, яғни 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысу кезеңі есепке алынады.
Әйелдердің зейнетке ерте шығу мүмкіндіктері сақталады. Біріншіден, 5 бала туған әйелдер 53 жасында зейнетке шыға алады. Бұл ретте, мемлекет 12 жылдан артық емес, әр балаға 3 жыл еңбек өтілін қарастырады.
Екіншіден, егер әйелдердің жеке зейнетақы жинақтау шотында жеткілікті зейнетақы жинақтары бар болса, онда 50 жасында зейнетке шыға алады. Бүгінде ол сома 12 млн-нан көп болуға тиіс.
Егер қаражат жетпесе, аннуитетті төлемдерді және үшінші тұлғаға алуға болады (күйеуі, баласы және басқа санаттар).
Үшіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін егер зейнетақы жинақтары жеткілікті болып, және зейнетақы аннуитетін сатып алған жағдайда зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде 50 жасында зейнетке ерте шығу құқығы сақталған.