Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында облыс әкімі орынбасары Нургалиев Ербол Жолдасбековичтің төрағалығымен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу туралы облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті.

Пресс-Релиз
Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында облыс әкімі орынбасары Нургалиев Ербол Жолдасбековичтің төрағалығымен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу туралы облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті.
Әлеуметтік серіктестік бойынша облыстық үшжақты комиссия мүшелері «Парыз-2017» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының қорытындысын, әлеуметтік серіктестік бойынша қалалық және аудандық үшжақты комиссия жұмысының 2017 жылғы қорытындысын, әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты комиссиясының 2018 жылға жұмыс жоспарының жобасын қарастырды.
Сонымен қатар, ОҮК отырысы форматында «Парыз-2017» дипломдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Дүйсенова Тамара Қасымовна атынан байқау қатысушыларына «КМК Мунай» АҚ, «Актобе ТЭЦ» АҚ, «Акбулак» АҚ, «АЗХС» АҚ, «Казах Ойл Актобе» ЖШС, «СНПС-Актобемунайгаз» АҚ, «Актюбинский рельсобалочный завод» ЖШС, «Актобенефтепереработка» ЖШС, және де облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың алғыс хаты «СИНОПЭК Қазақстан халықаралық мұнай сервис компаниясы» ЖШС АФ, «Sinooil» ЖШС АФ, «Казахстанский завод нефтяного оборудования» ЖШС, «Монтаж 01» ЖШС, «БРИГ» ЖШС, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» Компаниясының АФ, «Восход-Oriel» ЖШС, «АқтөбеНефтемаш» ЖШС, «Сағыз Петролеум» ЖШС, «КМК Мұнай» АҚ, «Казах Ойл Актобе» ЖШС кәсіпорындарына мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауда көрсетілген әлеуметтік жауапкершілігі үшін табысталды.
2017 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауына Ақтөбе облысынан 40 кәсіпорын субъектілері қатысты.
Байқаудың құрылымдық қатынасы бойынша біздің облыс ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін ұсынды және келесідей қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіп: машина жасау («АРБЗ» ЖШС), мұнай өнімдерін өндіру («Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС), химия өнеркәсібі («АЗХС» АҚ), мұнай-газ секторы («СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «КМК Мұнай» АҚ, «Казах Ойл Актобе» ЖШС), электр қуатымен қамтамасыз ету, газ беру, бу және ауаны баптау, («Актобе ТЭЦ» АҚ), сумен жабдықтау және кәріз жүйесі («Ақбұлақ» АҚ), құрылыс («Силикат-А» ЖШС).
Шағын бизнес кеңінен ұсынылды, 59% барлық байқау өтініштерінен, мал шаруашылығынан бастап («Смағұл» ш/қ, «Алтын Әсел» ЖШС және басқалары) қызмет көрсетуге дейін, фотосалон, сауда, мектепке дейінгі білім беру қызметін ұйымдастыру (ЖК «Сейлханов», ЖК «Картмагамбетова», ЖК «Ильясова», ЖК «Жанузакова» және баскалары).
Байқау лауреаты атанған «КМК Мұнай» АҚ ірі кәсіпорын субъектілері арасынан «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша бірінші орын алды.
Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық және аудандық үшжақты комиссия жұмысы 2017 жылға бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес өткізілді.
Әлеуметтік серіктестік бойынша аудандық-қалалық комиссиясы өзінің жұмысында басты назарды қандай да бір еңбек қақтығыстарын болдырмау және пайда болатын проблемалық жағдайларды оқшаулау мәселелеріне аударды.
Есеп кезеңінде ұйымдастырылып өткізілген 73 аймақтық, оның ішінде 11 облыстық, 3 қалалық және 59 аудандық әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия отырысында 158 жұмыс беруші тыңдалып, еңбек заңнамасының орындалуы, жұмысшыларға уақытылы еңбекақы төленуі, әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын ескерту және облыстың жетекші кәсіпорындарында жаппай шығарылымдардың алдын-алу, әлеуметтік диалогты теңестіру, еңбек ұжымдарында бірінші басшыны тыңдаумен қолайлы әлеуметтік ахуал жасау бойынша сұрақтар қарастырылды.
Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты комиссия мүшелері 2018 жылға жұмыс жоспарын бекітті және әлеуметік серіктестік бойынша қалалық және аудандық үшжақты комиссия жұмысын қанағаттанарлық деп таныды.