2017 жылдың 3 желтоқсан күні «Салтанат сарайы» мейрамханасында Халықаралық мүгедектер күніне орай, «Ана жүрегі-Материнское сердце» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарының құрметіне арналған әлеуметтік-маңызды акция өткізілді.

Акцияға Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің, Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» ҚБ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мүгедек балалардың ата-аналар қатысты.
Акция барысында 250 мүмкіндігі шектеулі баланың аналарына дастарқан жайылып, қонақтарға гүлдер ұсынылды.