2017 жылдың 28 қарашасында УКА-168/2 мекемесінде (Ақтөбе қаласы, Чекалин көшесі, 44) Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ

2017 жылдың 28 қарашасында УКА-168/2 мекемесінде (Ақтөбе қаласы, Чекалин көшесі, 44) Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның шығу отырысы өткізілді.
Комиссия отырысында қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік учаскелерінде «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Сонымен қатар, комиссия отырысында 6 мәселе қаралды, атап айтқанда:
- түзету колониялардағы қолданыстағы өндірістерді тапсырыстармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа өңдірістерді ашуға қолдау көрсету;
- пробациялық бақылауда тұрған сотталғандардың қайта қылмыс жасаудың негізгі себептері;
- «Пробация үйі», «Дағдарыс орталығы» және т.б. жобалар үлгісіндегі бас бостандығынан айырылған және пробация қызметінің бақылауында тұрған азаматтарды әлеуметтендіру бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдарды тарту;
- бас бостандығынан айыру орындарындағы мәдени-адамгершілік тәрбиелеу;
- сотталғандар арасында спорттық шараларды өткізу және қылмыстық жаза өтеген мерзімдерін жаппай спорттық шараларға тарту;
- қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарға ақпараттық-танымдық бағдарламаларды, концерттерді және мәдени шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу.
Нәтижесінде, комиссия мүшелерімен барлық аталған мәселелер бойынша Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бас бостандығынан айыру орындарында отырған, сондай-ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсетуді жетілдіруге қатысты ұсынымдар шығарылды.