«Еңбек Жолы» республикалық конкурс жеңімпаздарын іріктеу үшін онлайн дауыс беруге назар аудару!

Еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру үшін Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек Жолы» конкурсын өткізуін хабарлайды.
«Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді.
Конкурс «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.
«Еңбек жолы» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізудің мақсаты:
1) Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті»
2) «Өндірістің үздік жас маманы»
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»
Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалықфорумы өтетін күні Астана қаласында өтеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында http://enbek.gov.kz баршаға қол жетімді болу үшін «Еңбек Жолы» конкурсын облыстың жеңімпаздары арасында өткізілетін онлайн дауыс беруге баннер орналасқан.
Біздің жерлестерімізге онлайн дауыс беруге белсене қатысуды сүраймыз!
«Үздік еңбек әулеті»
Жубанышевтар әулеті
«Өндірістің үздік жас маманы»
Гумаров Айзат Раимович
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»
Калжанов Сагидулла Сангалиевич
Сіздін дауысыңыз өте қажет!