Ақтөбе облысы бойынша 2017 жылдың 1 қазанына тағайындалған әлеуметтік көмектер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейшілік шегінен төмен болған 170 адамы бар 44 аз қамтылған отбасына 3,5 млн. теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық – түлік себетінің құнынан төмен болған он сегіз жасқа дейінгі 17021 балалары бар 5846 отбасына 261,2 млн. теңге көлемінде балалар жәрдемақысы тағайындалды..
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес 2017 жылдың 1 қазанына Ақтөбе облысында отбасының жиынтық табыстары белгіленген шектi шығыстарының үлесiнен асып кетпейтін құрамында 1981 отбасына 24,8 млн. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалды.