Шартты ақшалай көмектің «Өрлеу» жаңа жобасы (ШАҚ) – халықтың аз қамтылған санатын әлеуметтік қолдау бағдарламасы.

Еңбекке деген ынтаны жоғарылату және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауды күшейту мақсатында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап республиканың барлық аймақтарында «Өрлеу» жобасы енгізілді.
Жобаның басты мақсаты – аз қамтылған отбасылардың нақты табысын арттыру, оларды өзін өзі қамту деңгейіне шығаруға ықпал ететін әлеуметтік оңалту.
Біздің облыста бұл жоба 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Ақтөбе қаласы және Мәртөк, Мұғалжар аудандарында, облыстың барлық аудандарында 2016 жылдан бастап келісімшарт негізінде табысы аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» іске қосылды.
2017 жылдың 1 қазанына облыс бойынша құрамында 1299 адамы бар 243 отбасына 33,0 млн. теңге көлемінде, соның ішінде республикалық бюджеттен 16,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 16,3 мың теңге «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек тағайындалды.
Жобаға қатысқан шартты ақшалай көмек алатын 1299 адамнан еңбекке қабілетті 330 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тартылып, жұмыспен қамтылды (Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған Бағдарламасына қатысушылары- 4 адам, тұрақты жұмысқа орналасқандар – 166 адам, қоғамдық жұмысқа жіберілгендер – 97 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандар - 55 адам, қайта даярлау, біліктілікті арттыруға жіберілгендер- 8 адам ). Әлеуметтік бейімдеуден 1094 адам өтті.