Ақтөбе облысы бойынша 2017 жылдың 1 қыркүйегіне тағайындалған әлеуметтік көмектер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейшілік шегінен төмен болған 157 адамы бар 41 аз қамтылған отбасына 3,1млн. теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық – түлік себетінің құнынан төмен болған он сегіз жасқа дейінгі 16921 балалары бар 5805 отбасына 232,9 млн. теңге көлемінде балалар жәрдемақысы тағайындалды..
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес 2017 жылдың 1 қыркүйегіне Ақтөбе облысында отбасының жиынтық табыстары белгіленген шектi шығыстарының үлесiнен асып кетпейтін құрамында 1981 отбасына 24,3 млн. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалды.