Сазды ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйек айында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарына арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Сазды ауылдық округ әкімі аппараты» ММ ғимаратында, округ тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге 30 ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты: халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тартумен қатар, орманшы, кәсіби бала күтуші, аяқ-киім жөндеу шебері, бармен, әкімші, контролер-кассир, автомобиль жөндеу слесарі, электржабдықтармен қызмет ету, тігінші, стропальщик және т.б. қысқа мерзімді курстарына шақыру.
Сонымен бірге, бағдарламаның барлық бағыты, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша және 2018 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақылар жаңа форматта берілетіні туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, жұмыспен қамту органдарының мамандары, Сазды ауылдық округінің әкімі және «Басқарушы компания №26» ЖШС өкілімен бірлесе отырып су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасының үйлерін аралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 3 адам қоғамдық жұмыстарында жұмыс жасауға, жастар тәжірибесін өтуге және қайта даярлау курстарын оқуға ниет білдірді.