Ақтөбе қаласының әкімдігінде жиын өткізілді

А.ж. 23 тамызында Ақтөбе қаласының әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Р.Айдашеваның төрағалығымен 2017 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша жиын өткізілді.
Жиынға, «Нұрлы жол», Біріңғай өңірлік дамыту, Аумақты дамыту және т.б. бағдарламалар аясында жобаларды жүзе асырып жатқан 25 мердігер мекеме басшылары қатысты.
Жиын мақсаты – бағдарламалардың уақытылы әрі тиімді жүзеге асырылуы және жоспарға сәйкес жұмыссыз азаматтарды жобаларға орналастыру.
2017 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында іске асырылатын 86 жобаға 1428 адамды жұмысқа орналастырылуы жоспарланды. Ағ.ж. 23 тамызға нақты 854 адам немесе 60% жұмысқа орналастырылды, 47 жоба бойынша жоспар орындалды.
Жиын барысында қала әкімінің орынбасары жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету және жұмысқа орналасқан азаматтарға 10% міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудару бойынша нақты тапсырмалар беріп, бағдарлама әкімшілеріне жобалардың тиімді жүзеге асырылуына ықпал етуді ұсынды.