Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарының 2017 жылдың қаңтар – шілде айларындағы жұмысы туралы Ақпарат

Ақтөбе қаласының және аудандар әкімдіктердің ықпалымен 2017 жылдың қаңтар – шілде айларында облыста 9797 жаңа жұмыс орны құрылды.
Бос және жаңадан ашылған жұмыс орындарына 11852 азамат жұмысқа орналасты.
Мақсатты топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін облыс аймақтарының мекемелері мен кәсіпорындарында 1491 әлеуметтік жұмыс орны ашылды, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы бойынша 706 жұмыс орындары.
Жастар арасында жұмыссыздықты қысқарту үшін “Жастар тәжірибесіне” 1553 адам жіберілді, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы бойынша 856 адам.
Қоғамдық жұмыстарға 6343 адам бағытталды.
Қысқа мерзімді курстарға 1208 адам бағытталды, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы бойынша 1055 адам бағытталды.
«Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 573 адам бағытталды.
Ауыл тұрғындардың ішінен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында 289 адам шағын несие алды.
Облыста есепті кезеңде 60 бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өтті. Өткізілген жәрмеңкерлердің нәтижесінде 1589 адам – жұмысқа орналасты, 826 адам – қоғамдық жұмыстарға, 336 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына, 324 адам - Жастар тәжірибесіне, 164 адам қайта дарялауға бағытталды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарының есебінде тұрған мүгедектердің ішінен 159 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 392 адам - жұмысқа орналастырылды, 33 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына, 162 адам – Жастар тәжірибесіне бағытталды. 2017 жылдың 1 тамызына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде 88 мүгедек есепте тұр.
2017 жылдың 1 тамызына облыстағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында тіркелген жұмыссыздардың саны 2506 адамды, тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың санынан 0,6 % құрайды.
Жергілікті атқарушы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары аз қамтылған отбасыларды кедейшілік жағдайынан шығару жөнінде жұмыстарды жалғастыруда. Уәкілетті органдарға және ауылдық жерлердің әкімдеріне аз қамтылған отбасыларды анықтау және оларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстың әрбір ауылдық округтарында 168 учаскелік комиссиялар құрылды.
2017 жылдың қаңтар – шілде айларында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне құрамында 154 адамы бар 40 аз қамтылған отбасы өтініш жасады.
Есепті кезеңге облыс халқының санынан аз қамтылған азаматтардың үлесі 0,01 % құрайды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 40 отбасында тұратын 154 аз қамтылған азаматқа 2,7 млн. теңге көлемінде тағайындалды.
1972 отбасына облыс бойынша тұрғын үй көмегінің жалпы мөлшері 23,6 млн.теңге құрады.
Табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 5690 отбасының құрамындағы 18 жасқа дейінгі 16598 балаға 201,5 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.
Ахуал топтарын қолдау үшін қосымша төлемдер және өтемақылар, әр түрлі жеңілдіктер 24389 азаматқа 643,4 млн. теңге көлемінде тағайындалды.
«Өрлеу» бағдарламасын іске асыру бойынша 236 отбасында тұратын 1262 азаматқа 23,8 млн. теңге көлемінде шарттай ақшалай көмек тағайындалды.
Әлеуметтік көмек беретін бөлімшелер 1605 жалғыз басты және жұмысқа жар азаматтар, 174 – і - мүгедектер. Солармен бірге 464 мүгедек – балаларға үйде қызмет көрсетіледі.
2 интернат үйінде мемлекеттік күтуде 642 жалғыз басты қарт азааттар және мүгедектер тұрады. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлемуметтік бейімделу орталығында 2017 жылдың 1 тамызына 139 адам бейімдеуден өтті.
2017 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша құрамында 134 адамы бар 22 отбасы «оралман» мәртебесін алуға өтініш беріп, «оралман» мәртебесін алған.