СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРОЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқарма басшысының 2016 жылғы
27 қыркүйекте № 271 бұйрығымен бекітілген
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРОЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ
1. Халықты жұмыспен қамту, халықты, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету салаларында басшылықты жүзеге асырады.
2. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші болып табылады.
3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары
3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
- жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс;
- өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға.
3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс;
- өзін басқа адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті;
- мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті.
3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:
- мемлекеттік органдардың өкілеттілігі бола тұра қайталау, шартын немесе шешім қабылдау негізін белгісіздік немесе жоқтығын болдырмау;
- мемлекеттік органдар (олардың лауазымды тұлғалары) негізсіз ұйымдар мен азаматтарға қатысты іс-әрекет мүмкіндіктерін болдырмау;
- мемлекеттік органдардың қарауы бойынша ұйымдар мен азаматтар үшін жалпы ережеден негізсіз алып тастауды болдырмау.
3.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
- қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
- іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс;
- сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған бастап теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу.
4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:
- мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру болмайды;
- жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға болмайды;
- қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдаға болмайды.