Жұмыспен қамтуды және отбасылық шаруашылық түрлерін қолдауды қамтамасыз ету

«Ақтөбе облысының 2016 жылға арналған Жұмыспен қамтуды және отбасылық шаруашылық түрлерін қолдауды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастыру» бағдарламасы туралы мәлімет
Submitted by admin on Ср, 30/12/2015 - 05:00
2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында «Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға қабілетті» екендігін атап өтті.
Жаңа экономикалық жағдайда мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру тетіктерін жетілдіру мақсатында, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде, онда жұмыс орындарын сақтап қалуға, жұмыс орындарын құруға, қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған жұмыспен қамту саясатына ерекше көңіл бөлінетін болады.
Өңірдің еңбек нарығында тұрақты жағдайды сақтап қалуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған шараларды қабылдау мақсатында, 2016 жылы Ақтөбе облысы «ЖҚЖК 2020» Бағдарламасының ІІ-бағыты аясында пилоттық жобаға енгізілді, онда ауыл шаруашылық өнімдерін әзірлеу, өңдеу және өткізу мәселелерін шешу үшін ауылдық елді мекендерде жеке қосалқы шаруашылық негізінде шағын тауар өндірісін (шағын мал бордақылау алаңдары, шағын сүт қабылдау бекеттері, шағын құс фермалары) ұйымдастыру үшін шағын несиелеу соммасын 3 млн-нан 6 млн теңгеге дейін ұлғайту қарастырылған.
Осы мақсатта өңірде облыс әкімдігімен іске асырылуы 2016 жылдың қаңтар айынан жоспарланған «Ақтөбе облысының 2016 жылға арналған Жұмыспен қамтуды және отбасылық шаруашылық түрлерін қолдауды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастыру» Бағдарламасы жасақталды. Аталған Бағдарламаға сәйкес, 2016 жылдың 1 наурызына дейін Алға ауданында және облыстың барлық аудандарының бір ауылдық округтерінде базалық немесе көрсеткіштік отбасылық шаруашылық түрлерін құруды бастау жоспарланған.
Аталған Бағдарлама аясында Ақтөбе облысында 411 отбасылық бордақылау алаңдарын, 137 сүт қоныс-жайларын, 8 сүт қабылдау бекеттерін, 5 ешкі сүтін өндіру бойынша фермаларын, 600 қоян өсіру қоныс-жайларын құру, 24 шағын жылыжай құрылысы жоспарланды. Осы Бағдарламаны іске асыру барысында қосымша 1194 жұмыс орындары ашылатын болады, ол өңірдің ауыл тұрғындарының табыс деңгейінің арттыруына оң септігін тигізетін болады.
Ауыл тұрғындарын шағын несиелеу оларды тұрақты табыс пен ет, сүт өнімдерін және көкөністі өткізу арқылы кірістердің ұлғаюын, сонымен қатар құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Даму» Қоры, «Атамекен» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы өкілдерінің қатысуымен «Ақтөбе облысының 2016 жылға арналған Жұмыспен қамтуды және отбасылық шаруашылық түрлерін қолдауды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастыру» Бағдарламасы бойынша жергілікті жерлерде облыстың Байғанин, Қарғалы, Қобда, Мұғалжар, Темір және Хромтау аудандарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Облыста ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бұл бағытта жалғастыруда..
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.