Тәлімгерлік

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығы «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттары және тәлімгерлерді бекітудің тәртібі » бұйрығы бекітілді.
Сынақ мерзімі кезеңінде, оның ішінде оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлер бекітіледі. Сынақ мерзімі алты айға дейін ұзартылған жағдайда, тәлімгерлік көрсетілген мерзімге белгіленеді. Тәлімгерліктің міндеттері:
ü тәлімгерлік бекітілген қызметшіге кәсіби және лауазымдық бейімделуіне және лауазымдық міндеттерді орындау кезінде туындаған кәсіби қиындықтарды жеңуде көмек көрсету;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметшіге кәсіби білім мен дағдылардың қалыптасу және даму процесін оңтайландыру;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметшіге кәсіби қалыптасу және даму үрдісін жылдамдату, атқарып отырған лауазымдарына сәйкес оларға жүктелген функционалдық міндеттерді сапалы және жоғары жауапкершілікпен орындау қабілетін дамыту;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметші бойында кәсіби - әдептілік принциптеріне, қызметтік тәртіп ережелеріне, сонымен қатар, заңнамада бекітілген талаптарға сәйкес кәсіби дағдылардың қалыптасуына ықпал ету;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметшіге өзбетімен және әріптестермен жұмыс жасаудың тиімді нысандары мен әдістерін үйрету, оларға жүктелген қызметтік міндеттерін өзбетімен және сапалы орындау қабілетін дамыту, өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметші бойында келесі жеке қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету: жоғары түсінік, тәртіптілік, еңбек сүйгіштік, қызметке шынайы берілгіштік, өз ісіне және жүктелген тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіну, әріптестермен, азаматтар және басқа да тұлғалармен мейірімділік және сыйластық қарым-қатынаста болу;
ü тәлімгерлік бекітілген қызметші бойында белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымды қалыптастыру, қызметке деген жауапты және саналы қатынасты дамыту.
Тәлімгерлік бекітілген қызметшінің міндеттері:
ü оған берілген тапсырмаларды орындайды, бейімделу жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;
ü өзінің тәлімгерінен көмек сұрай алады;
ü өзінің кәсіби біліктілік деңгейін жоғарлатуға, дағдылары мен қабілеттерін дамытуға, білім алуға күш салады;
ü ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады;
ü тәлімгерден жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін қабылдайды;
ü лауазымдық міндеттерін орындауда тәлімгердің ұсынымдарын басшылыққа алады.
Тәлімгерлік бекітілген қызметшінің құқығы:
ü құрылымдық бөлімшедегі қызметтік, нормативтік, ғылыми методикалық құжаттарды қолдануға;
ü тәлімгерден қызмет барысында пайда болған сұрақтар бойынша кеңес алуға;
ü тәлімгермен жеке байланысты орната алмаған жадайда құрылымдық бөлімшенің басшысына оны ауыстыру жөнініде өтініш жасауға.
Тәлімгерлік қорытындысы:
Қызметші тәлімгерлік мерзімі аяқталғаннан кейін жеке жоспарының орындалуы, басқа орындалған тапсырмалар, тәлімгерлік кезеңінде алынған білімдері мен дағдылары, тәлімгерлікті ұйымдастыру жөнінде ескертулер мен ұсыныстар туралы есеп дайындайды.
Қызметшінің есебі оның жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 11 «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді белгілеудің тәртібін бекіту туралы» бұйрығы бекітілді.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген қызметші сынақ мерзімін өту кезеңіне ұзақтығы үш айға дейін тәлімгерлік белгіленеді. Сынақ мерзімі алты айға дейін ұзартылған жағдайда, тәлімгерлік көрсетілген мерзімге белгіленеді. Тәлімгерліктің міндеттері: