Хабарландырулар

«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруға
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ 2017 жылғы 16 ақпанда жарияланған Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезіне) D-О-2 санаты, 1 бірлік, № 1-4 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру мәтініне келесідей өзгерістер енгізілді:
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптардан білімі бойынша мамандықтардан техникалық (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу) мамандықтары сөзі алынып тасталсын.
Ескертпе: осы түзетудің орналастырылуына байланысты, құжаттардың қабылдауға бекітілген уақыты осы хабарлама шыққан күннен бастап саналады.
16 .02.2017 ж
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ – 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101 үй, 2 қабат, 221 бөлме, анықтама үшін телефондар: 8 (7132) 545817, факс.568469. электрондық адрес: a.sisekenova@aktobe.gov.kz «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1.Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезіне) D-О-2 санаты, 1 бірлік, № 1-4
Лауазымдық жалақысы мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 163233 теңгеден 220698 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заң, нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің алқа шешімдері мен бұйрықтарын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен басқарма басшысының бұйрықтарын орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. (жетекшілік жасайтын сұрақтары бойынша). Өңірдегі әлеуметтік әріптестік жұмыстарын үйлестіру, қызметіне (тауарлар, жұмыстар) тарифтерді (баға, жинау ставкасы) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдардағы еңбек ақы төлеу жүйесіне сәйкес еңбектің нормалары мен параметрлерін қарастыру мен келісу сұрақтары бойынша облыстық үшжақты комиссия жұмыстарын ұйымдастыру. Жетекшілік жасайтын сұрақтары бойынша қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметін әдістемелік басқаруды жүзеге асыру. Ақтөбе жүйке аурулар интернат-үйі, Ақтөбе қарттар және мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің шаруашылық қызметі (ғимаратты күзгі-қысқы кезенге дайындау, абаттандыру, өрт қауіпсіздігі, жылу-су-электр жабдықтау, арналық кәрізбен, телефон байланысымен және басқа да байланыстармен қамтамасыз ету, ғимаратты ағымдағы және күрделі жөндеу арналық кәрізбен телефон байланысымен және басқа да байланыстармен қамтамасыз ету, ғимаратты ағымдағы және күрделі жөндеу) жұмыстарын бақылауды, әдістемелік басқаруды және үйлестіруды қамтамасыз ету. Басқарманың және интернат-үйлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін, басқарманың әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру. Басқарманы жылу-су-электр жабдықтаумен, арналық кәрізбен, телефон байланысымен және басқа да байланыстармен қамтамасыз ету, ғимаратты ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша жұмыс сұрақтары. Жетекшілік жасайтын сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігімен, облыс әкімі аппаратымен, жергілікті атқарушы органдармен, басқа мемлекеттік органдар және заңды тұлғалармен әрекет ету. Басқарманың веб-сайты, ақпараттық-байланыс технологиялар және автоматтандырылған ақпараттық жүйені бағдарламалық сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру сұрақтары. Өзара ауыстырмалылық бойынша сұрақтарды меңгеру. Жетекшілік жасайтын сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қамтамасыз ету және жүргізу. Өзінің біліктілігін арттырады. Дербес компьютердің пайдаланушылық дағдыларын игеру. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сүйене отырып, жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзге де өкілеттіктерді өз мүддесі үшін жүзеге асырады. Әкімшілік бөлімінің әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті нормалау мен ақы төлеу бөлігінде, ақпараттық-байланыс технологиялар және автоматтандырылған ақпараттық жүйені бағдарламалық сүйемелдеу бөлімінің, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің, Ақтөбе жүйке аурулар интернат-үйінің, Ақтөбе қарттар және мүгедектерге арналған интернат-үйінің шаруашылық қызметі бөлігінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтарына жетекшілік жасайды
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, заңгерлік, гуманитарлық, педагогикалық, техникалық (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары,«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
2.«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, әкімшілік бөлімінің жетекші маманы D-О-5 санаты, 1 бірлік, № 2-5
Лауазымдық жалақысы мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 74954 теңгеден 101604 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты коммисияның жұмысын үйлестіру. Ақтөбе облысы әкімдігімен, облыстық кәсіподақтар кеңесі және кәсіпкерлермен жұмыс берушілер одағы арасындағы келісімді дайындау және жасау бойынша жұмыстарды үйлестіру. Ақтөбе облысы әкімдігімен, облыстық кәсіподақтар кеңесі және кәсіпкерлермен жұмыс берушілер одағы арасындағы облыстық келісімдерді жүзеге асыру бойынша іс-шараларды әзірлеу, келісу және бекіту бойынша жұмыстарды үйлестіру. Әлеуметтік әріптестікті және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты коммисиясының жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты коммисиясының дербес құрамын қалыптастыру бойынша жұмысты жүргізу және ұйымдастыру. Облыстық үшжақты коммисиясының және жұмыс топтарының әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша хаттамаларын жүргізу, шешімдердің жобаларын дайындау және орындауын бақылау, пресс-релиздерді, медиа-жоспарларды және т.б. дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету. Қалалық және аудандық деңгейде салалық және аумақтық келісімдерді тіркеуді өткізу. Аумақтық (облыстық) келісімге тұрмаған бірлестіктерге, жұмыс берушілерге, жұмысшылар одақтарына аумақтық (облыстық) келісімге тұру ұсыныстарын енгізуге дайындау жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру. Аумақтық (облыстық) келісім мониторингінің орындалуын жүргізу. Медиация өткізу және ұйымдастыруға жәрдемдесу (медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуі арқылы тараптардың өз еркімен жүзеге асырылатын өзара қабылданған шешімге жету мақсатында тараптар арасында дауларды реттеу рәсімі). Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына үміткерлердің материалдарын дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру. Тарифтерді мемлекеттік реттеу (бағалар, алымдардың ставкалары) енгізілетін қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар) үшін, ұйымдардың жұмысшыларына еңбекақы төлеу жүйесімен еңбек бойынша келісу, өкілетті орган белгілеген тәртіпте жүргізу. Жоғары тұрған органдарға бөлiмнiң құзіретіне қатысты мәселелер бойынша есеп беру, әр түрлi ақпаратты-талдау материалдарды белгіленген мерзімге даярлау және беру. (Әлеуметтік міндет бойынша басқа да және есеп беру. Өзiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау. Мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтау. Халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Экономикалық, заңгерлік, гуманитарлық, педагогикалық мамандықтары бойынша жоғары білім.
3.«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, мүгедектермен, ардагерлермен жұмыс, АӘҚ және медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіру бөлімінің жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезіне),D-О-5 санаты, 1 бірлік, № 5-3
Лауазымдық жалақысы мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 74954 теңгеден 101604 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бөлім құзыретіне тиісті бөлігінде, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының сақталуымен қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне бекітілген есептердің уақытылы берілуін бақылайды. Бөлім құзыретіне тиісті есеп берудің барлық түрлері бойынша қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жылдық, тоқсандық, айлық бастапқы оперативтік мәліметтерін қабылдайды, тексереді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне және облыс әкімдігіне ұсыну үшін жылдық, тоқсандық, айлық есептері мен ақпараттарды дайындайды. Қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңын, нормативтік актілерін іске асыру бойынша белгілі орынға бару арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Басқарма басшылығы тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және аудандық бөлімшелердің мамандарына тапсырмалардың орындалуы кезінде жәрдемдеседі. Басқармаға жіберілген бөлім құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды. Қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері бойынша жыл (тоқсан) қорытындысының сараптамалық жазбаларын дайындайды. Бөлімнің құзырына қатысты басқа да тапсырмаларды орындайды. Мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтайды. Өзiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауы тиіс. Халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету заңнамаларына қарама- қайшы келмейтін басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Экономикалық, заңгерлік, гуманитарлық, педагогикалық, қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын,«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі). 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттардың толык емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясынын оларды караудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде, Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101 үй, 2 қабат, 221 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ электрондық почтасы не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ өтеді.
Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (кадр қызметіне, 221 бөлме) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң бірлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.