Ереже

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы «30» желтоқсан № 552
қаулысымен бекітілді
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекеменің Ережесі (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекеменің мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы» мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді, халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік және мемлекеттік қызмет көрсету салаларына байланысты мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы орган болып табылады.
2. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде филиалдар мен өкілеттіктер болмайды.
3. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тараптары болуға құқығы бар.
7. «Ақтөбе облысы әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы болып табылады.
8. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санын басқарма басшысы облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік басқарудың құрылымын, Ақтөбе облысы жергілікті атқарушы органдар штаттық санының лимитін бекіту туралы қаулысына сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101 үй.
11. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
14. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемелекеттік мекемесінің миссиясы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бюджеттік бағдарламаларымен және аумақты дамыту бағдарламаларымен қарастырылған әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз етуге, халықтың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесуді қамтамасыз ету болып табылады.
16. Міндеттері:
1) халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу;
2) халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету;
3) мүгедектерді әлеуметтік қорғау, мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу;
4) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу;
5) өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және дайындауға ыкпал ету;
6) халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу;
7) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және олардың заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында, өтініштерін қарауға байланысты, құқықтық қатынастарды реттеу;
8) ақпараттық алмасу және ақпараттық қызметтерді қамтамасыз ету;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын көтеру, «электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметті» дамыту;
10) мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттын қамтамасыз ету және жүргізу;
11) қылмыстық жаза өтегендерді әлеуметтік бейімдеу және қалпына келтіруді ұйымдастыруды үйлестіру;
12) Қазақстан Республикасының салық заңнамаларын, Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің принциптерін қамтамасыз ету және жүргізу;
13) халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясаты өзінің құзыреті шегінде қамтамасыз ету және жүргізу.
17. Басқарманың функциялары:
1) жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындау, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік қызметтер көрсету функцияларын іске асыру;
2) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiру;
3) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды үйлестіру;
4) өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, сондай-ақ бюджет есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
6) стратегиялық жоспарларда, аумақтарды дамыту бағдарламаларында және (немесе) басқарманың бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге жоспарланған бюджетті әзірлеу және атқару;
7) басқарма бюджетiн жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілікті, бюджеттік есеп пен бюджеттік есептілікті бағалау жөнiндегi қызметін жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапаттауға құзыреті шегінде ұсыну;
9) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асыру;
10) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және жұмыскерлердің өңірлік бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасасу;
11) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің өлшемдерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарау және келісу;
12) әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде ұйымдастыру;
13) өңірлік (облыстық) келісімдерді әзірлеу және жасасу, өңірлік (облыстық) келісімдерді дайындау бойынша әлеуметтік әріптестік жақтарының келіссөздер жүргізу жұмысын үйлестіру;
14) қалалық, аудандық деңгейлерде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыру;
15) келісімді әзірлеу, оның мазмұны, оны жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі өңірлік (облыстық) келісім жөнінде жұмыс берушілер және жұмыскерлер қоғамдастықтарына ұсыныс енгізу;
16) комиссияларға қатысушылардың дербес құрамын әлеуметтік әріптестіктің әрбір тарапын өз бетінше қалыптастыру;
17) әлеуметтік әріптестің және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның және қызмет тобының жұмысын, хаттамалар жүргізуді, келісім жоспарын дайындауды және олардың орындалуын қадағалауды қамтамасыз ету;
18) өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар және жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері мен аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасау жұмысын қамтамасыз ету;
19) өңірлік (облыстық) кеілісімді ресми түрде жариялау;
20) келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптарын жүзеге асыру;
21) өңірлік деңгейде республикалық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз», «Еңбек Жолы» және «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» конкурстарын ұйымдастыру және өткізу;
22) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
23) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
24) кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау;
25) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету;
26) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
27) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;
28) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;
29) осы Заңның 17-бабына сәйкес жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру;
30) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
31) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұрату;
32) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізу;
33) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіру;
34) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұрату;
35) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
36) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
37) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізу;
38) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
39) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдау;
40) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдау;
41) оралман куәлігін беру;
42) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құраду және олардың қызметін ұйымдастыру;
43) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алау;
44) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету;
45) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
46) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету;
47) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
48) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
49) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; 50) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолдану;
51) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
52) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
53) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
54) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз ету;
55) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін әзірлеу;
56) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру;
57) тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
58) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
59) кадрлар іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру;
60) мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
61) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;
62) басқарманың құзырына кіретін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, тiркеу және есепке алуды жүзеге асыру;
63) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
64) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
65) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, басқарманың қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз ету;
66) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін қамтамасыз ету;
67) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
68) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
69) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдау;
70) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
71) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарды құру;
72) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
73) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал ету;
74) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастыру;
75) мүгедектердi оңалту жөнiндегi мамандарды, оның iшiнде ымдау тiлiнiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
76) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз ету;
77) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
78) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiру;
79) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде жүргізу;
80) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
18. Құқықтары мен міңдеттері:
Мынадай:
1) басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді мемлекеттік, мемлекеттік емес органдардан, ведомствоға қарасты мекемелерден заңда белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
2) талапкер, жауапкер ретінде барлық саладағы соттарда, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, басқа органдарда заңда белгіленген тәртіппен өкілдік етуге;
3) Еңбек Кодексінде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес өз құзыретi шегiнде актiлер шығаруға;
4) басқарма қызметкерлерінен еңбек ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртiптемесi ережелерiнiң және жұмыс берушiнiң басқа да актiлерiнiң орындалуын талап етуге;
5) Еңбек Кодексінде, мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртiппен қызметкерлердi көтермелеуге, оларға тәртiптiк жаза қолдануға, қызметкерлердi материалдық жауапкершiлiкке тартуға;
6) Басқарма құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың қарауына енгізуге;
7) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттын қалыптасыру мәселелерін іске асыруға;
8) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысуға құқығы бар;
Міндеттері:
1) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдайды;
2) басқармада мемлекеттік тілді барынша дамытады, мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруге жағдай жасайды;
3) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
3. Мемлекеттік органың қызметін ұйымдастыру
19. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
20. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
2) Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді;
3) орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
4) басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін және Басқарма қызметкерлерін, заңдарда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) қызметкерлерді іріктейді, орналастырады және тағайындайды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
6) қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Басқарма атынан өкілдік етеді;
7) бұйрықтар шығарады;
8) белгіленген еңбекақы қорының және қызметкерлер санының шегінде Басқарманың шығыстар сметасын, штаттық кестесін бекітеді;
9) заңдарда белгіленген тәртіппен марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
10) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
11) облыс әкімдігінің өкімімен бекітілген лауазымдық нүсқаулыққа сәйкес өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттіқ органың мүлкі
24. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметті нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) Ақтөбе облысының қаржы басқармасы болып табылады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату, осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мекемелердің тізбесі
«Қарттар және мүгедектер арналған интернат-үйі» мемлекеттік мекемесі
«Жүйке аурулар үйі интернат» мемлекеттік мекемесі