Халықты әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қамтамасыз ету
Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат
Табысы аз балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2018 жылдың 1 тамызына облыс бойынша жан басына шаққандағы табыстары кедекйлік шегінен төмен болған барлығы 3156 отбасына 314,3 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде:
- шартсыз ақшалай көмек - 645 отбасына 68,1 млн.теңге;
- шартты ақшалай көмек - 2511 отбасына 246,2 млн.теңге көлемінде тағайындалды.
Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылдың 3 тоқсанына белгіленген кедейшілік шегінің мөлшері 14142 теңге құрады.
Мемлекеттік атаулы көмек алушылардың орташа статистикалық әлеуметтік сипаты мынадай: барлығы – 15560 адам, соның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың негізгі үлесін 62,8 % он сегіз жасқа дейінгі балалар; балаларды күтуімен айналысатын адамдар – 17,4 %; еңбекке қабілетті азаматтар – 15,2 %, басқалары – 4,6 % құрайды.
Облыс бойынша шартты ақшалай көмек алатын еңбекке қабілетті 959 азамат жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тартыллды. Шартты ақшалай көмек алатын 428 отбасына жеке қосалқы шаруашылытарын дамытуға біржолғы ақшалай көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша облыста отбасының жиынтық табыстары белгіленген шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесiнен асып кетпейтін жағдайда аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
2018 жылдың 1 тамызына Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй көмегі 1641 отбасына 19,1 млн. теңге көлемінде тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.05.2013 жылғы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жергілікті бюджет есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетуге аудандық, қалалық маслихаттармен жаңа Қағидалар бекітіліп, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстағы кейбір санаттағы мұқтаж азаматтарына, соның ішінде әлеуметтік осал топтарына ай сайынғы, атаулы күндер мен мереке күндеріне, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмектер қарастырылған.
2018 жылдың 1 тамызына Ақтөбе облысы бойынша 17383 мұқтаж азаматқа 458,3 млн.теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілді.
Жоғарыдағы көрсетілген әлеуметтік төлемдерді тағайындау тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органда аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көрсетіледі.
Әлеуметтік қамтамасыз ету
Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат
Табысы аз балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2018 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша жан басына шаққандағы табыстары кедекйлік шегінен төмен болған барлығы 2717 отбасына 251,7 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде:
- шартсыз ақшалай көмек - 566 отбасына 54,4 млн.теңге;
- шартты ақшалай көмек -2151 отбасына 197,3 млн.теңге көлемінде тағайындалды.
Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылдың 3 тоқсанына белгіленген кедейшілік шегінің мөлшері 14142 теңге құрады.
Мемлекеттік атаулы көмек алушылардың орташа статистикалық әлеуметтік сипаты мынадай: барлығы – 13388 адам, соның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың негізгі үлесін 62,0 % он сегіз жасқа дейінгі балалар; еңбекке қабілетті азаматтар – 17,5 %, балаларды күтуімен айналысатын адамдар – 15,9 %; басқалары – 4,6 % құрайды.
Облыс бойынша шартты ақшалай көмек алатын еңбекке қабілетті 859 азамат жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тартыллды. Шартты ақшалай көмек алатын 309 отбасына жеке қосалқы шаруашылытарын дамытуға біржолғы ақшалай көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша облыста отбасының жиынтық табыстары белгіленген шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесiнен асып кетпейтін жағдайда аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
2018 жылдың 1 шілдесіне Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй көмегі 1582 отбасына 18,2 млн. теңге көлемінде тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.05.2013 жылғы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жергілікті бюджет есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетуге аудандық, қалалық маслихаттармен жаңа Қағидалар бекітіліп, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстағы кейбір санаттағы мұқтаж азаматтарына, соның ішінде әлеуметтік осал топтарына ай сайынғы, атаулы күндер мен мереке күндеріне, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмектер қарастырылған.
2018 жылдың 1 шілдесіне Ақтөбе облысы бойынша 17073 мұқтаж азаматқа 445,8 млн.теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілді.
Жоғарыдағы көрсетілген әлеуметтік төлемдерді тағайындау тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органда аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көрсетіледі.