Парыз

Толығырақ келесі сілтемеден алуыңызға болады:
2008-2016 жылдардағы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурстың қортындысы
2008 жылы Ақтөбе облысынан облыстың 7 кәсіпорыны қатысты. Барлық кәсіпорындар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Дипломымен марапатталды.
2009 жылы Ақтөбе облысынан бұл конкурсқа 28 кәсіпорын қатысты. Конкурстың қортындысы бойынша 28 кәсіпорыннан- республика бойынша лауреат - 2 бірінші, 2 екінші орын және 2 алтын, 2 күміс мүсіншелермен құрмет дипломымен марапатталды.
«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасынан «ТрансМостГрупп» ЖШС 1-орын және алтын мүсіншеге ие болды, ірі кәсіпорындар субъектілерінің арасынан «СНПС-Актобемұнайгаз» АҚ 2-орын және күміс мүсінше алды.
«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы ірі кәсіпорындар субъектілерінің арасынан «Казахойл Ақтөбе» ЖШС 2-орын және күміс мүсінше жеңіп алды.
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы шағын кәсіпорындар субъектілерінің арасынан Ырғыз ауданынан «Наурыз-СИМ» ЖШС 1-орын және алтын мүсінше алды.
2010 жылы біздің облыстан 31 кәсіпорын қатысты. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясының Гран-приін бірінші рет «СНПС-Актобемұнайгаз» АҚ компаниясы жеңіп алды.
«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша бірінші орынды Байғанин ауданының «Мерей и К» ЖШС алды. «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша Қарғалы ауданының «Степное» ЖШС және «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша Ырғыз ауданының «Алтын-Асел» ЖШС сәйкес үшінші орынды алды.
2011 жылы «Парыз» - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурсқа біздің облыстан 56 кәсіпорын қатысты. Конкурстың қортыныдысы бойынша Ақтөбе облысының 4 кәсіпорны 1 бірінші, 2 екінші орындар және 1 үшінші орын және 1 алтын, 2 күміс және 1 қола мүсіншелер мен құрмет дипломдарымен марапатталды.
«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша бірінші орынды шағын және орта кәсіпорындар субъектілерінің арасынан «Қазақтүркмұнай» ЖШС алды.
Ірі кәсіпорындар субъектілерінің арасынан екінші орынды: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Трансэнерго» АҚ және «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Евразия медицина орталығы» ЖШС алды.
«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Гелиос» ЖШС үшінші орын алды.
2012 жылы Ақтөбе облысынан бұл конкурсқа кәсіпкерлік субъектілерінен 46 кәсіпорын қатысты. Барлық кәсіпорындар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Дипломымен марапатталды.
2013 жылы 43 кәсіпкерлік субъекті қатсыты. Конкурстың лауреаттары «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша бірінші орынды шағын және орта кәсіпорындар субъектілерінің арасынан «Алтын Қыран» ЖШС, екінші орынды «Смагул» ш-қ, ірі кәсіпорындар субъектілерінің арасынан үшінші орынды: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС және «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ірі кәсіпорындар субъектілерінің арасынан «Базальт» ЖШС екінші орын, шағын және орта кәсіпорындар субъектілерінің арасынан «Тенуса» ЖШС үшінші орынды алды.
2014 жылы «Парыз-2014» республикалық конкурсқа облыстың 35 кәсіпкерлік субъекті қатысты. «Парыз-2014» лауреаты «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ірі кәсіпорындар субъектілерінің арасынан «Стройдеталь» ЖШС екінші орын алды.
2015 жылы «Парыз-2015» республикалық конкурсқа облыстың 36 кәсіпкерлік субъекті қатысты.
«Парыз-2015» лауреаты «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша ірі кәсіпорындар субъектілерінің арасынан «Ақбұлак» АҚ бірінші орын алды, шағын және орта кәсіпорындар субъектілерінің арасынан «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Есфөнтан» ЖШС екінші орын алды және «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ірі кәсіпорындар субъектілерінің арасынан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ екінші орын алды.
2016 жылы «Парыз-2016» республикалық конкурсқа облыстың 39 кәсіпкерлік субъекті қатысты.
«Парыз-2016» лауреаты «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша ірі кәсіпорындар субъектілерінің арасынан «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС бірінші орын алды